Қытайда хирург науқасты дәл ота ортасында ақша төлеуге мәжбүрледі және ақшаны алмайынша рәсімді жалғастырудан бас тартты деп жазады Stan.kz.
Жаға ұстатарлық оқиға Қытайдың Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласында болды. Юньнань провинциясынан келген Яо есімді науқас 25 қазан күні дәрігерге жүгініп, маманның кеңес үшін оған 29 мыңға жуық ақы төледі. Содан кейін дәрігер Яоны ота жасатуға жіберді. Бірақ рәсімнің ортасында хирург науқасқа ота үшін 825 933 төлеуді бұйырады. Хирург Яоға оның лимфа түйіндерінің қабынғанын және зақымдалған нервтерді жедел түрде емдемесе науқастың болашақта қиындықтарға тап болатын айтты.
Бұл диагнозды естіген Яо қатты қорқып кетеді. Сондай-ақ, жергілікті анестезияға байланысты ұйқысы келіп, оның дәрігермен дауласуға шамасы да болмады. Ал хирург оның жарақатын таңып, төменгі қабатта орналасқан кассаға жіберді. Ал ақша төленбеген жағдайда отаны жалғастырудан бас тартты.
Осыдан кейін Яо Ланьчжоу билігіне шағым жазды. Және ол басқа дәрігерлермен кеңесіп, оның отасының орта есеппен 80 900 теңгедей тұратынын білді. Ал даудың астында қалған аурухана басқармасы науқасқа 2 233 508 теңге өтемақы төлеуге келіседі.
Мәліметтерге сүйенсек, Қытайда медицина саласында алаяқтық кең тараған, өйткені жеке медицинаны ешкім бақыламайды. Осының салдарынан науқастар жиі рәсімдерге артық төлеп, алданып қалады.