Ақтауға іргелес жатқан Баянды ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болды деп жазады Lada.kz. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев мәлімдеген.
Жол көлік оқиғасы 8 желтоқсан күні таңғы 09:00 шамасында болған. Апат салдарынан екі әйел оқиға орнында көз жұмды.
- Әйелдер тіл тартпай кетті. Тағы екі бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Өзге үш адамға медициналық көмек көрсетілді, - деді Азамат Сәрсенбаев.
Жарақат алған екі баланың халін дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.