Қырғызстанда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев кезінде билікте болған экс-шенеунік ұсталды. Атап айтар болсақ, құқық қорғаушылар премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Дүйшенбек Зилалиевті қолға түсірді деп жазады 24.kg.
Экс-шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпаратты құқық қорғау органдарындағы дереккөздер де растаған. Олардың мәліметінше, Дүйшенбек Зилалиев күні кеше "Манас" әуежайынан елді тастап кетпекші болған екен. Алайда, бұған дейін ол 3 жылға шартты жазамен сотталғандықтан елден кетуге құқығы болмаған.
Айта кетейік, Дүйшенбек Зилалиев өзге әріптестері секілді жемқорлықпен емес, бомба туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталған еді.