Жаңалықтар 10.12.2018 сағат 03:04  283

Атырау-Орал тасжолында жол апаты боп, бір отбасы түгел қаза тапты

7 желтоқсанда кешке Атырау-Орал трассасының  Махамбет ауданы Жалғансай ауылы тұсында «ВАЗ21104» көлігі қарсы бетке шығып кетіп, ауыр жүк көлігіне (фура) соққан. Оқиға салдарынан ВАЗ-дың 1974 жылғы жүргізушісі және оның әйелі мен 15 жастағы қызы қаза болды деп жазады Sputniknews.kz.

Атырау-Орал тасжолында жол апаты боп, бір отбасы түгел қаза тапты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сол күні түнде Атырау-Индер трассасының Индер ауданы Құрылыс ауылы тұсында 52 жастағы ер адамды КамАЗ автокөлігі қағып, жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Екі оқиға бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар