Рудныйда аяқ киім жөндеу киоскісінен ер адамның мәйіті табылды деп жазады alau.kz.
Ер адамның денесінде қинап өлтірген белгілері бар. Жедел іздестіру барысында 30 жастағы күдікті ұсталды. Ол бұрын да сотты болған
«Анықталғандай, екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. Арада кикілжің туып, күдікті жәбірленушіге жарақат салады. Артынша ұялы телефонын ұрлап, киоскті мәйітпен бірге өртеп кеткен», – дейді Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті уақытша қамау изоляторына алынды.