$ 494.87  520.65  4.91

«Бірден гей дейді»: боянып жүретін қызылордалық Асылжан өзінің болмысы жайлы айтты

«Қыздарға әсемдік жарасады». Ал жігіттерге ше? Ер азаматтардың боянып, бет әрлеп, шашын сәндеп, қасын теріп жүргендері дұрыс па? Қызылордалық Асылжан Болат өзінің make up-пен жүргенін қалыпты нәрсе деп ойлады. 

Бұрын визажистер әйел болса, қазір жігіттер де жетерлік. Асылжан  ата-анасы қарсы болса да, өзіне ұнаған ісімен айналысып жүр. 

«Бізде ер балалар қорқады. Әрине енді визажист бола бастағанда қорқыныш болды. Үйдегілер қарсы болды. «Ол әйелдің тірлігі» деген сөздерден қорқады. Ұят деген сөз бар бізде. Сол адамды тұншықтыра береді», – деген Асылжан кез келген адам қалаған нәрсесімен айналысу керек екенін айтады. 

Қызылордалық жігіт басқалардың пікіріне мән бермейтінін айтады. 

«Жақындарым біледі менің қандай екенімді. Мен боянып жүрсем, осылай киінсем, образым осындай болса, бұл менің гей екенімді білдірмейді ғой. Олар бірден гей дейді», – деп ағынан жарылды ол «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында. 

Сондай-ақ Асылжан айына 200 мың теңге көлеміндегі қаржысын тек қана косметикаға жұмсайтынын айтты. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары