10.12.2018, 04:52

Өскеменде үш бірдей көлікті өрт шарпыды (ВИДЕО)

Өскеменде Красин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінің ауласында үш көлік өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер бұл қасақана ұйымдастырылған деген болжамды жоққа шығармайды деп жазады YK-news.kz.

«8 желтоқсан күні 10 қабатты үйдің ауласында сағат 11:45 шамасында жеңіл көлік өртеніп кетті. Автокөліктің аспаптар панелі және орындық, ішкі салон жанып кеткен», – дейді Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасындағылар.

Өрт тағы екі 2013 жылғы Nissan X-TRAIL және Subaru Outback-2015 көліктерін де шарпыған. Олардың есіктеріне зақым келген.