Қазақстандық көлік жүргізушісі өзнің жүк көлігінде асылып қалған күйде табылды деп жазады Stan.kz.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, 4 желтоқсанда жүргізушінің Қазақстаннан Петербургке пияз тасымалдағаны белгілі болды. Петербург полициясы марқұмның өлімінің себебін анықатуда. Оның кім екені тексеріліп жатыр.
Оқиға 9 желтоқсанда Фрунзе ауданында болды. Ер адамның денесі күртенің жібінде асылып тұрды. Жіп көліктің Mercedes-Benz Actros жүк көлігінің төбесіне ілінген.
Құқық қорғау органдары марқұмның денесін мәйітханаға жіберді.