$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте көлік жүргізушісі оқушының мұрнын сындырды

Шымкентте оқушы бала пикаптың терезесіне соғылып, мұрнын сындырып алды деп жазады Оtyrar.kz.

Жүргізуші ақылы автотұрақтан шыққан сәтте жаяу жүргіншілерге арналған жолда 11 жасар оқушы келе жатқан.

Қазіргі уақытта полиция көлік жүргізушісі мен оқушы бір-бірін неліктен көрмей қалғанын анықтап жатыр. Белгілі болғаны, көліктің терезесіне соғылып қалған оқушының мұрны сынып кеткен.

Пикап жүргізушісі жол көлік оқиғасы болған жерге баланың әкесі мен жедел жәрдем көлігін шақырған. Оқушы Шымкент облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші осы оқиға салдарынан көліктің айнасы сынып қалғанына ашуланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары