Жаңалықтар 11.12.2018 сағат 06:16  145

Теміртауда төрт әйелге ВИЧ жұқтырған 28 жастағы ер адам сотталып жатыр

Теміртауда төрт әйелге АИТВ жұқтырған 28 жастағы ер адамға қатысты сот процесі өтіп жатыр. Ол бұрындары сотталған болып шықты деп жазады Tengrinews.kz.

Теміртауда төрт әйелге ВИЧ жұқтырған 28 жастағы ер адам сотталып жатыр

Атышулы іс Теміртау қалалық сотында жабық түрде өтіп жатыр. 28 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабы 3-бөлігі («Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру, екi немесе одан да көп адамға қатысты не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет») бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, ер адамға алаяқтық әрекеті үшін де айып тағылған. 

«Қылмыстық істі судья Ержан Тастанбеков қарап жатыр. Процес жабық түрде өтіп жатыр. Сотталушы бұрындары бірнеше рет сотталған. АИТВ жұқтырудан бөлек, ол алаяқтық әрекетінің бірнеше дерегі бойынша күдікке ілінген», – деді сот баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, Теміртау қаласының 28 жастағы тұрғыны төрт әйелге АИТВ жұқтырған. Ер адам өзінің осы ауру түрімен ауыратынын біле тұра, әйелдермен арнайы қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түскен. Өз құрбандарымен ол әлеуметтік желі арқылы танысқан. Зардап шеккендердің барлығы 30 жаста. Зардап шеккендердің бірі 19 жастағы қызды ер адам зорлаған. Ол бірінші болып Қарағанды облыстық ЖИТС-ке қарсы және профилактика орталығына келіп, медициналық және психологиялық көмек сұраған. Орталық қызметкерлері осы дерек туралы полицияға хабарлаған. Осының арқасында полицейлер АИТВ жұқтырған ер адамды тауып, ұстаған. Қазіргі уақытта ол қамауда жатыр.

Соңғы жаңалықтар