Жаңалықтар 12.12.2018 сағат 06:29  278

Оралда жол апатынан бір адам көз жұмып, полиция қызметкері жарақат алды

Оралда жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмып, полиция қызметкері жарақат алды деп жазады ҚазАқпарат.

Оралда жол апатынан бір адам көз жұмып, полиция қызметкері жарақат алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға кеше түнде «Орал-Самара» жолы бойындағы полиция бекеті маңында орын алды. «ВАЗ» автокөлігі екі адамды қағып кеткен, оның біреуі оқиға орнында көз жұмды. Полиция қызметкері жарақат алды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 22.39-да түскен. Жедел жәрдем бригадасы бес минуттан кейін жеткен. 1983 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. 1990 жылғы ер адам облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметке қарағанда, оның иығы сынған, жабық  ми жарақатын алған, жағдайы тұрақты. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар