17.09.2015, 08:36

Kcell компаниясының басты акционері Қазақстаннан кететінін айтты

ademi-ai.kz

Kcell компаниясының бас акционері TeliaSonera елден кететінін айтты деп жазады Nur.kz.

TeliaSonera сайтында компанияның еуразиялық аймақтан кететінін туралы айтылған.

«Бұл белгілі бір уақытқа дейін созылатын кешенді жұмыс екенін білеміз. Біз нарықтағы жағдайды бақылап отырмыз, әрбір елдің нарығына байланысты жұмыс жүргізудеміз. Нәтижесінде, біз барлық аймақты тастап кетпекшіміз», – дейді компанияның президенті әрі бас директоры Йохан Деннелин.

Компания Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Молдова, Тәжікстан және Непалдан кетпекші. Енді компания еуропа нарығына ойыспақ.