Астанада 2018 жылы 80 жастағы қария мен 55 жастағы әйел некесін қиды деп хабарлайды Елорда әкімшілігі.
АХАТ мекемесінің мәліметінше, биыл Астанада 10 914 жас жұбайлар бас қосқан. «Соңғы уақытта үйленудің жасы ұлғая түскен. Қалыңдықтың орта жасы – 25 болса, ал ер азаматтар 35 жасында үйленетін болған», – дейді сарапшылар. Айта кетсек, некеге отыруға өтінішті eGov сайты арқылы білдіруге болады. Ол үшін қалыңдық пен күйеу жігітте электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет.
Дереккөз: Sputniknews.kz