12.12.2018, 09:47

БҚО-да спирттік ішімдік ішіп, адам қағып өлтірген жүргізушінің кім екені анықталды

Орал-Самара тас жолында спирттік ішімдік ішкен 29 жастағы ер адам 2 жаяу жүргіншіні қағып кетті деп жазады uralskweek.kz.

Оқиға 11 желтоқсан күні болған. 29 жастағы «ВАЗ-21150» автокөлігінің жүргізушісі 1990 жылғы полиция қызметкері мен 1983 жылғы ер адамды қағып кеткен. 

«Бас жарақатын алған полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізілді. Екіншісі жедел-жәрдем жеткенше көз жұмды»,  – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің қашып кетпек болғанын, алайда полиция көлігі оны 400 метрге дейін қуып, ұстап алғанын айтады.