$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 мыңнан аса пәтер беріледі

Алматы облысында «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 100 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Амандық Баталов мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

«7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыста 26 алап белгіленді. Онда алдағы жылдары жалпы ауданы 4,1 млн шаршы метрді құрайтын 2606 тұрғын үй тұрғызылады. Ол дегеніміз 100,9 мың пәтер», – деді өңір басшысы. 

Оның айтуынша, баспана алуда алғашқы жарна көлемін төмендету үшін облыс бюджетінен жыл сайын 1 млрд теңге бөлініп отыратын болады. Жеңілдік сертификаттарымен алдымен ұстаздар, дәрігерлер және полиция қызметкерлері қамтылады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл облыста 706 мың шарты метрді құрайтын 72 тұрғын үй пайдалануға берілді. Аталған бағдарлама аясында 2025 жылға дейін облыс тұрғындары орталықтандырылған ауызсумен 100% қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, үстіміздегі жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағытында 304 шақырым және «Алматы-Талдықорған» бағытында халықаралық талапқа сай келетін 260 шақырым жол салынды. Алдағы уақытта осы бағдарлама негізінде өңірдегі жол жағдайын 77-ден 90% дейін жақсарту мүмкіндігін қарастырудамыз. Ол үшін жыл сайын бюджеттен 30 млрд теңге бөлінетін болады», – деді ол. 

Айта кетсек, бұған дейін А.Баталов биыл өңірде жүгерінің рекордтық өнімі жиналғанын мәлім еткен болатын.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары