13.12.2018, 03:29

Ақтауда болған жарылыстан жарақат алғандар сауығып келеді

Ақтаудағы жарылыс кезінде жараланған үш адам көп ұзамай жалпы палатаға ауыстырылады деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев хабарлады. Ақтаудағы металл қабылдайтын база аумағында жарылыс болып, екі адам қаза болғанын хабарлаған едік.

Ал ауруханаға жеткізілген үш азаматтың жарақаттары ауыр делінген. Дәрігерлер қазір науқастардың беті бері қарағанын айтып отыр. Олардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

«Жарақат алып, миы шайқалған бір адам ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Қазіргі таңда беті бері қарады. Толық қалпына келгенше дәрігерлердің бақылауында болады. Қалған екі жігіттің де өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Маманның айтуынша, 2-3 күннен соң олар амбулаториялық емдеу палатасына ауыстырылады.