$ 448.15  483.46  4.86

ШҚО-да өртке оранған үйден ер адамның мәйіті табылды

Риддерде 12 желтоқсан күні Почтовая көшесіндегі жер үйдің бірі өртке оранды. Өрт ағаш қабырғаларының құрылымдары, кілем, еден, терезе және есік блоктары, жеке заттарды шарпыған деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт туралы куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше үйді жалын толығымен шарпып үлгеріпті. Өртті сөндіру кезінде жатын бөлмедегі терезенің алдынан 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылған. Ол күйіктен қаза тапқан.

Өрттің аумағы 40 шаршы метрді құрайды. Жалын өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау салдарынан болған. Өртті 3 сағат ішінде сөндіріп болды. Екі техника және 5 өрт сөндіру қызметкері жұмылдырылған.

Дереккөз: Newtimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #өрт #жер үй