$ 524.58  551.91  4.93

Ақтөбеде оқушы есігі ашық автобустан құлап кетті

Ақтөбеде оқушы есігі ашық күйінде жүріп бара жатқан автобустан құлап кеткен. Қоғамдық көлік жүргізушісі қызды көрмегенін айтып ақталуда деп жазады diapazon.kz.

«ПАЗ» маркалы 16 маршрут жүргізушісі Победа даңғылы бойындағы аялдамаға тоқтағаннан кейін есігін жабуды ұмытып кеткен. Сол уақытта 14 жасар оқушы сыртқа құлап түсіпті.

Қыз құлаған аялдамасында басқа автобусқа отырып, мектепке келеді. Алайда, сол жақ қолының ауырсынуы басылмаған соң, оны ауруханаға апарған. Дәрігерлер оқушының сол қолының жабық түрде сынғанын анықтады.

Сотта автобус жүргізушісі оқушының құлап қалғанын көрмегенін алға тартты. Бұл туралы оған механик айтыпты. Жәбірленуші інісімен болған. Жүргізушіден күте тұруын сұрағанда ол жылдам жүріп кете барған. Осы сәтте уақытта оқушы құлап кетіпті.

Сот ер адамды екі жылға жүргізушілік куәлігінен айырды. Сондай-ақ, ол 150 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары