Жаңалықтар 13.12.2018 сағат 10:29  359

Астанада шаңғы жарысы өтпек

Жарысқа кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада шаңғы жарысы өтпек
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

15 желтоқсанда Орталық саябақта орналасқан шаңғыроллер трассасында «Алғашқы кар» шаңғы жарысы өтеді. 

Жарысты елордалық мәдениет және спорт басқармасы, Әкімдіктің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және «Қазақстан Шаңғы жарысы ұлттық федерациясы» ҚҰ ұйымдастырады.  

«Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау және халықты дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту, шаңғы жарысын танымал ету, бұқаралық спортты дамыту», – деп мәлімдеді мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінде. 

Байқауға кез келген адам қатыса алады. 

Тіркеу кезінде жеке куәлік пен дәрігердің рұқсатын көрсету қажет. Тіркеу 08:00-де басталады. 

Жарыстың басталуы сағат 09:15-де.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар