14.12.2018, 06:10

ҚР Ұлттық экономика министрі төрағалық қызметке тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды деп жазады economy.gov.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитеті мемлекеттік стратегиялық тапсырмаларды жоспарлау және іске қосу мәселелерін қарау үшін құрылған.

Стратегия комитетінің негізгі міндеті маңызды стратегиялық тапсырмаларды жіктеуді мынадай жолмен қамтамасыз ету болып табылады: «Қордың директорлар кеңесінде Қордың даму стратегиясын 10 жылдық кезеңге алдын ала мақұлдау және Қордың даму жоспарын 5 жылдық кезеңге одан әрі қарау үшін; Қордың директорлар кеңесінде Қордың Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыруды мониторингілеу және бақылау мақсатында Даму стратегиясының, Қордың даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді қарау; Қордың ұлттық компаниялардың даму стратегиясының ұлттық стратегиялар, міндеттер және мемлекеттік бағдарламалардың декомпозициялық стратегиялық көрсеткіштерімен сәйкестігі туралы ақпаратын қарау». 

Комитет Қордың директорлар кеңесінің тұрақты әрекет ететін консультативтік-кеңестік органы болып табылады.