15.12.2018, 09:21

Ауыл тұрғыны ақтөбелікті пышақтады

9 желтоқсан күні сағат 22:00 шамасында «Табын» дүкенінің жанында 12 шағынауданында екі жігіт төбелесіп қалған. 22 жастағы ер азамат 28 жастағы жігіттің кеудесіне бірнеше рет пышақ сұғады.

Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылды. Алған жарақатынан көп қан жоғалтқандықтан, жағдайы ауыр.

Жәбірленуші көлік жөндеу орталығында жұмыс істейді. Ал пышақ жарақатын салған айыпталушы Шалқар ауданындағы Бозой ауылының тұрғыны. Полиция оны ұстап, уақытша тергеу изоляторына жатқызылды.

Дереккөз: Аktobetimes.kz