ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында «Нұр Әлем» павильонының маңында түрлі-түсті гирляндамен безендірілген астананың басты шыршасы жағылды деп жазады Sputniknews.kz.
Сағат тілінің он екіні соғып, Жаңа жылдың басталуына аз ғана уақыт қалды — таңғажайыптар әзірдің өзінде ауа арқылы тарап жатқандай.
Сейсенбі күні Астанада жасы үлкендер мен кішілердің қуанышына орай басты қылқан сұлу түрлі-түсті ойыншықтармен безендіріліп, жағылды. Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов та оған көз алмай ұзақ қарап тұрды.
Бойы 25 метр болатын сәнді сұлуды көріп, қуыршақтар мен аниматорларға қосылып көңіл көтеруге ондаған адам келді.
Ең үлкен шырша орналасқан «Нұр әлем» павильоны көрменің басты сәніне айналды. Сондай-ақ, басты жаңажылдық атрибуттар осы павильон маңына орналасты. Мерекенің атмосферасын видеосы арқылы сезініп көріңіз.