19.12.2018, 11:33

Астанада полиция қызметкері бүтін бір отбасын өрттен аман алып қалды

Ақмола облысы қоянды аулының тұрғыны кинология қызметінің кіші инспекторы Ақбота Еңсебаеваға алғыс білдірді деп хабарлайды Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тұрғын 11 желтоқсан күні үйінің бір бөлігі өртенгенін, дәл сол кезде қарама қарсы үйде тұратын Ақботаның күйеуімен дереу көмекке келіп, үйдегі 4 және 7 жастағы баланы сыртқа шығаруға көмектескенін айтады. 

Қазір үйі өртенген отбасы полиция инспекторы Ақботаның үйін паналап жатыр.

Дереккөз: NewTimes.kz