$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте көлік 200 метрге дейін сүйреп әкеткен әйел қайтыс болды

Шымкентте осыдан бірнеше күн бұрын Mercedes автокөлігі жаяу жүргіншілер жүретін жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып, 200 метрге дейін сүйреп әкеткен болатын. Аса ауыр халде ауруханаға түскен науқас қайтыс болды деп жазады Otyrar.kz.

Облыстық Полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, жол апатынан кейін жедел жәрдем әйелді бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер шұғыл ота жасады. Алайда, бірнеше уақыттан кейін науқас қайтыс болды.

Еске салсақ, жол апаты 16-нан 17 желтоқсанға қараған түні болған.

Көлік жүргізушісі әйелді көрмеген, тек бірнеше метр жүріп барып тоқтағанда байқаған. Дөңгелегіне қыстырылып қалған марқұмды көліктегі жолаушылармен бірге әрең шығарып алған. Сөйтіп оқиға орнына бірден жедел жәрдем шақырады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары