Степногорск қаласындағы көшелердің бірінде ер адам далада үсіп өлген деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер марқұмның өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 40-50 жас шамасындағы тұрғынның кім екені әлі анықталған жоқ.