$ 514.65  544.6  5.17

Түркістан облысында 1 тоннадан астам балықты заңсыз аулағандар ұсталды

Түркістан облысында 1318 келі балықты заңсыз аулағандар ұсталды деп хабарлайды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіннің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдәхмет.

«2018 жылғы 19 желтоқсанда Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция мамандары Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің және аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында Шардара қаласының аумағында Газель автокөлігі ұсталды.

Тексеру барысында автокөліктен заңсыз тасымалданған 1318 кг сазан балығы анықталды», – дейді Ділдәхмет.

Аталған факті бойынша Шардара аудандық ІІБ-де ҚР ҚК 335 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары