Жаңалықтар 21.12.2018 сағат 04:57  475

Қатты аязда қатып қалған көлікті қалай оталдыруға болады?

Қатты суық басталды. Жылы тұрақта тұрмаған көліктер қатып, оталмай жатыр. Не істеу керек? Неге көңіл бөлген дұрыс? Қандай сақтық шаралары бар?

Қатты аязда қатып қалған көлікті қалай оталдыруға болады?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Желтоқсан және қаңтар айларында еліміздің басым аумақтарында, әсіресе солтүстік өңірлерде қатты аяз басталды. Бұл туралы осыдан бұрын да жазғанбыз.

Жылы тұрақ жоқ болса, көңіл бөліңіз:

Аккумуляторы әлсіз болмасын.

Қатты аязда аккумулятордың қуаты әлсірейді. Сол үшін оны киізбен не суықтан қорғайтын қаппен орау дұрыс немесе үйге әкеліп қою керек.

Көлікті жел тимейтін ықтасын жерге қою да суықтың әсерін азайтады.

Көліктің асты мен үстін қаптап тастайтындар да бар. Десе де қауіпсіздікке назар аударған жөн.

Егер автооталдырғыш (автозаводка) орнатылған болса, міндетті түрде «температураға қатысты автоматты оталу» қызметін қосып қою керек. Сонда мотор суыған кезде өздігінен қосылып, қатып қалуынан сақтануға болады. Кейде белгіленген сағат сайын өздігінен оталатын қызметті де пайдалануға болады.

Аккумулятор арқылы оталдыру тәсілі:

Алдымен, кілтпен ашқаннан кейін 2-3 секунд тосып, бензин насосының дыбысын күтіңіз. Бензин насостың «сырылдаған» дыбысы тоқтағаннан кейін көліктің механикалық қозғалтқышы болса, ажыратқышты (сцепление) түбіне дейін басып тұрып, ақырын қоя бересіз. Сосын кілтпен от бересіз.

Кілтті бұрап, от беруге әрекет 2-3 реттен аспауы керек. Әр реттің арасында 1-2 минут аралық демалыс болғаны дұрыс. Бұлай болмағанда аккумулятор тез отырып қалады.

Аккумулятор «тоңып» қалып, оталдырғышты (стартер) айналдыруға шамасы жетпесе, оталып тұрған көліктің аккумуляторына жалғауға болады. Ол үшін ұзын, басы қысқаш арнайы кабель бар.

Дереккөз: Informburo.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар