Йемен Республикасының Таиз қаласында Энсаруллах қозғалысы (хоуситтер) мен билікке жақ болып табылатын халық көтерілісі күштері арасындағы төңкерістер әлі де жалғасуда, деп хабарлайды trt.net.tr.
Қақтығыс кезінде Таиз қаласындағы сауда орталықтарының біріне зымыран құлап, 11 адам мерт болды.
Энсаруллах қозғалысы мен тақтан тайдырылған Али Абдуллах Салихтың жақтастары Таиз қаласына шабуыл жасауын тоқтатар емес. Оның салдарынан қарапайым халық зардап шегуде.
Еске сала кетейік, Йемен Республикасында алты ай бұрын шиіт хоуситтер ұстап әкеткен АҚШ-тың үш азаматы, Сауд Арабиясының екі азаматы және де бір ағылшын азаматы еркіндікке шықты, олардың арасында журналистер де бар. Бұларға арналған арнайы ұшақ Оман астанасы Маскатқа жеткізілген шетелдіктер сол жерден өз елдеріне оралады.Айта кетейік бұл процеске Оман әкімшілігі де күш салған болатын.