21.12.2018, 06:58

Елімізде демалыс күндері 39°С дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК 22-24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанға әсерін тигізген антициклон алдағы күндері әлсірегенмен аяз күшейіп, Батыс Сібірдің орталық аудандарына ауысады. Циклон Қазақстанға әсерін тигізеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде елімізде аязды, көбіне жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр. 

Республиканың жекелеген өңірлерінде қар жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыс, батыс аймақтарда тұман түседі, көктайғақ болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнде ауаның температурасы 30...39°С-ға дейін төмендейді.