$ 443.37  474.49  4.83

Барак Обама Санта Клаус кейпіне еніп, науқас балаларды жаңа жылмен құттықтады

АҚШ бұрынғы президенті Барак Обама балалар ауруханасына Санта-Клаус бас киімімен келіп, кішкентай науқастарды жаңажылдық мерекемен құттықтады деп жазады Tengrinews.kz.  

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама Instagram желісіндегі парақшасында Вашингтондағы балалар ауруханасында болған сәтінде түсірілген видеоны жариялады. Ол балаларға сыйлықтар беріп, аурухана жұмысшыларымен бірге танымал We Wish You a Merry Christmas әнін орындады. Барак Обама ауруханаға ойыншық толы қаппен келді.  

«Жақсылық жасап, көңіл көтеру үшін мерекелік маусымнан артық уақыт жоқ. Мен мұны кеше Вашингтондағы ұлттық балалар ауруханасында жасауым керек еді. Әлемді жақсарту үшін осы Жаңа жыл қарсаңында барлық үлесімізді қосайық», - деді Обама.  

Америка президентінің ауруханада жүруі балалар мен ата-аналарға күтпеген жағдай болды, кейбіреулері қуаныштан көз жасын жіберді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары