$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстаулық шенеуніктер Жаңа жылдық отырысқа кететін қаржыны жағдайы төмен отбасыларға жұмсайтын болды

Маңғыстаудағы мемлекеттік қызмекерлер Жаңа жылға қарсы жайылатын дастарханға кететін қаржыны жағдайы төмен отбасыларға көмек беруге жұмсайтын болды деп жазады ИнАктау.

Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызметкерлер және Жаңаөзен әкімдігінің қызметкерлері өз еріктерімен Жаңа жылды тойлаудан бас тартқан. Және де жеке тұлғалардан келетін сыйлықтарды да қабылдамайтынын ескертіп, заңға қайшы әрекет етпейтіндерін мәлімдеп отыр. 

«Қандай да бір сыйлық алған мемлекеттік қызметкер оны «Мемлекеттік мүлік департаментіне 7 күн ішінде тапсыруы керек. Және сыйлық қабылдап алға тұлға тауарды сауда айналымындағы бағасымен сатып алуға толық құқы бар», – дейді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастығы Нұрбол Долдашев.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары