$ 494.87  520.65  4.91

Катарда өтіп жатқан турнирде ең ауыр салмаққа тапсырыс берген Илья Ильин тұғырға шығудан бас тартты

Қазақстандық спортшы 109 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсетуі керек болған. Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы қазақстандық Илья Ильин Дохада өтіп жатқан Олимпиада-2020-Катар кубогы лицензиялық турнирінде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпады деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы өзінен бөлек 11 спортшы қатысып жатқан 109 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсетуі керек болған. Жұлқа көтеруден ең ауыр тапсырыс - 180 келіні Ильин сұратқан. Ал серпе көтеруден - 215 келі, мұндай тапсырыс тек украиналық Дмитрий Чумакта болған.

Жұлқа көтеру үшін тұғырға шығар алдында Ильиннің жарысқа қатысудан бас тартқаны анықталды. Себебі әлі белгісіз.

Еске салайық, Ильин спорттан шеттетілгеннен кейін биыл Қазақстан чемпионатын жеңген соң тұғырға қайта оралды. Оның нәтижесі бойынша, бапкерлік штаб спортшыны Ашхабадта қарашада өткен 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамаға қосқан еді.

Ильин 102 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсетуі керек болған. Алайда дәрігерлер омыртқасындағы ақауға байланысты емделуге уақыт керегін хабарлады. Нәтижесінде Ильин 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатыса алмады. Кейінірек Ильин Токиода өтетін 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарынан алтын медаль алып, спорттан кеткісі келетінін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары