$ 447.4  477.55  4.76

Пермь қаласында шахтада өрт болып, 8 адам қаза тапты

Ресейдің Пермь өлкесінде апат болған Соликамск шахтасынан сегіз адамның денесі табылды деп жазады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бірінші деңгейде құтқарушылар - екі адамның, екінші және үшінші деңгейде тағы алты адамның денелерін тапты», - деп мәлім етті Перьм өлкесі үкіметінің баспасөз қызметінен. 

Барлығы шахтада тоғыз адам қалып қойған болатын. Баспасөз қызметі құтқарушылар жер астына түсуге тағы әзірленіп жатқанын жеткізді. Шахтадағы жекелеген өрт ошақтарын жою жұмыстары әлі де жалғасуда. 

Айта кетейік, сенбі, 22 желтоқсан күні мәскеу уақытымен шамамен сағат 10.04-те «Уралкалий» компаниясының Соликамск шахтасында өрт шықты. Барлығы кеніште 17 адам жұмыс істеп жатқан. Олардың сегізі жер бетіне дін аман шыға алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары