Индонезияның батысындағы Зонд жағалауында алып толқындар көтеріліп, елдімекеннің астан-кестеңін шығарды. Цунами салдарынан 43 адам қаза тауып, 584-і жараланған деп жазады РИА Новости.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, табиғи апат жергілікті уақытпен сенбі күні кешке 21:27-де болған. Бұған дейін 20 адамның қайтыс болып, 165 адамның жараланғаны туралы ақпарат тараған еді.
Табиғи апаттармен күрес басқармасының мәліметінше, тағы екі адам із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында. Сондай-ақ, апат салдарынан көптеген үй мен ғимараттар қирап қалды.