$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстанда ер адам таныс әйелі мен оның екі баласын өлтіріп, үйлерін өртеп жіберген

Қырғызстанда 47 жастағы келіншек пен екі баласын белгісіз біреу өлтіріп, үйді өртеп жіберген деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әйелдің үйіне 29 жастағы танысы келіп, екеуі бірге ішімдік ішкен. Ал үй иесі ұйықтап қалғанда ер адам оның төрт жасар қызын зорлап, тұншықтырып өлтірген. Артынша жеті жасар ұлын да осылай өлтіреді.

Екі балақайдың түбіне жеткен ер адам әйелді де тұншықтырады.

Содан-соң қылмысын жасыру үшін жанып тұрған көмірді пештен алып үйге шашады.

Құқық қорғау қызметкерлері ер адамды бір күннен соң қолға түсірген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары