АҚШ-тағы Солка институтының ғалымдары адамның биологиялық жасын анықтаудың жолын тапты. Бұл зерттеу үшін олар тері жасушаларындағы негізгі гендардың белсенділігін тексерген. Анықталған әдіс адам өлімінің алдын-алуға септігін тигізеді деп хабарлайды doctor.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Зерттеушілер бір-94 жас аралығындағы 133 адамның терісіндегі жасушаларды зерттеуге алған. Олар қартаю биомаркерлерді іздеу үшін РНК-секвенирлеу деп аталатын әдісті қолданған.
РНК-секвенирлеу гендер экспрессиясының өнімі болып табылатын ақпараттық РНК молекулаларындағы нуклеотидтердің бірізділігін орнатуға мүмкіндік береді.
Осылайша, әдіс белгілі бір жасушаларда қандай гендер белсенді екенін анықтауға мүмкіндік беріпті. Ғалымдар алынған деректерді сұрыптау және қартаю биомаркерлерін табу үшін машиналық оқыту алгоритмдерін қолданған.
Бұл әдіс фибробластардың жай-күйі бойынша шамамен сегіз жылдық ықтималдылықпен адамның жасын болжауға мүмкіндік берген екен.
Ал мерзімінен бұрын қартаю болатын прогериямен ауыратын науқастардан алынған фибробласттарды талдау бұл пациенттер хронологиялық жастан шамамен он жасқа үлкен екенін көрсетті.