Жаңалықтар 24.12.2018 сағат 04:56  287

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Мәскеуде WBO GLOBAL титулын жеңіп алды

Қазақстандық Айдос Ербосынұлы Мәскеудегі бокс кешінде WBO GLOBAL титулы үшін екінші орта салмақта бельгиялық Илиас Ачергуимен кездесті деп жазады ҚазАқпарат. 

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Мәскеуде WBO GLOBAL титулын жеңіп алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұған дейін кәсіби бокста тоғыз кездесу өткізіп, соның жетеуін нокаутпен аяқтаған атыраулық Айдостың қарсыласы да осал емес еді. 

И. Ачергуи бұған дейін 12 жеңіске жетсе, үшеуінде ұтылып, біреуінде тең түскен екен. 

Кездесу барысында Айдос есесін жібермей, оның да соққылары дөп тиіп жатты. Дегенмен төртінші раундта рефери А. Ербосынұлы нокдаунға түсіп қалды деп есеп ашты. Алайда бұдан кейін иығынан жарақат алған бельгиялық боксшы кездесуді жалғастырудан бас тартты. 

Осылайша 27 жасар Айдос Ербосынұлы оныншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO GLOBAL титулын жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшылардың титулдық айқастары өтетінін жазған болатынбыз.   

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар