24.12.2018, 06:23

Назарбаев Индонезия Республикасының Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.