$ 445.66  474.58  4.78

СҚО-ға қатты аяз келді

Солтүстік Қазақстан облысына үскірік аяз келді деп жазады ҚазАқпарат.

Өңірде 25-26 желтоқсан күндері ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК деректеріне қарағанда, 25-26 желтоқсан күндері түнде облыс аумағында ауа температурасы минус 35-40 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде -30 градус болуы мүмкін. 

«Төтенше жағдайлардан ескерту және адам шығынын болдырмау мақсатында аса қажет болмаса елді мекендерден алыстап шықпауға кеңес береміз. Ақпаратты көршілеріңізбен, туыстарыңызбен бөлісіңіздер. Балалар мен егде жастағыларға ерекше мән беріңіздер. Оларды жалғыз қалдырмаңыздар», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Құтқарушылар 112 нөмірі тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО #қыс #аяз