24.12.2018, 14:29

Қаза тапқандар бар: Үндістанда тұманнан 50 автокөлік соқтығысып қалды

Үндістанда қою тұманның салдарынан 50 автокөлік бір уақытта бір-бірімен соқтығысып қалды деп жазады kp.ua.

Жол апатының салдарынан 8 адам қаза тапты. Тағы он адам ауыр жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы Джаджар қаласындағы Харьяна штатында болған. Соқтығысқан автокөліктердің арасында оқушылар тасымалдайтын автобус та бар.