$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында құны 400 мың теңгедей болатын «Herbalife» өнімі табылды

Еліміздің оңтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядының наряды (ОҚО, қазақ-өзбек шекарасы) теміржол вагондарына тексеру өткізу кезінде иесіз жатқан бір қорапты тапты, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Қорапты ашып қарағанда одан 55 банка «Herbalife» өнімі шықты.

Атап өту керек, аталған өнімнің бір банкасы 7000 теңгеден сатылады. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Мұндай өнімді сарыағаштық шекарашылардың бірінші рет ұстауы емес. Естеріңізге сала кетелік, осы жылдың 3-қыркүйегі күні «Сарыағаш-теміржолы» бақылау-өткізу бекетінің (Оңтүстік Қазақстан облысы) шекара наряды «Сарыағаш - Келес» бағытында келе жатқан жүк пойызына қызметтік «Зевс» атты иттің көмегімен шекаралық бақылау жасау кезінде оның жартылай жабық вагонына жасырылған 7 қорапты тапқан болатын. Иесіз жатқан жүкті тексеру барысында адам салмағына әсер ететін  «Herbalife» өнімін анықтады.

Осыған ұқсас тағы бір дерек 28-інші тамыз күні анықталғандығын еске сала кетелік. Онда да осы «Сарыағаш» бақылау-өткізу бекетінде «Herbalife» фирмасының өнімі ұсталып, оның салмағы 50 кг құраса, жалпы құны 4 млн. теңгеге жеткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары