Жаңалықтар 25.12.2018 сағат 07:03  282

Астанада 43 жастағы әйелді баласымен бірге жаяу жүргіншілерге арналған жолда көлік қағып кетті

Астанада жаяу жүргіншілерге арналған жолда балалы әйелді көлік қағып кетті деп хабарлайды жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Астанада 43 жастағы әйелді баласымен бірге жаяу жүргіншілерге арналған жолда көлік қағып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 желтоқсанда 18:20-да болған. 

«Skoda автокөлігінің жүргізушісі Кенесары көшесімен Сарыарқа көшесіне қарай кетіп бара жатқан уақытта екі жаяу жүргіншіні қағып кетті – 1975 жылғы әйел мен оның тоғыз жастағы баласы. Олар 4-емхана маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өтіп бара жатқан. Жол апаты салдарынан олар ауруханаға жеткізілді. Соталды тергеу шаралары жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова. 

Қала тұрғыны Facebook желісіндегі «Астана - Хочу похвалить/пожаловаться» тобында жол-көлік оқиғасы болған жерде жарық шамдарының аздығын жазған.  

«Бұл аймақ қажетті жарық шамдарымен қамтылмаған, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың өзі де күңгірт. Олар 5-7 метрге ұшып кеткен, есінен айырылған, кейінірек естерін жиды. Көптеген адам жай ғана қарап тұрмай, көмектесіп, олардың үстіне жабуға болатын заттарды алып келіп жатты, жанында болды. Жедел жәрдем қызметі де шамамен 12 минутта келді», - деді Альбина Қоспанова.  

Полиция мәліметінше, бір тәулікте қалада 72 оқиға тіркелген. Жол апаты болуына жүргізушілердің ара қашықтықты сақтамауы (43 дерек) себеп болған. «Көптеген жағдайда жүргізушілер жол-көлік оқиғасы болған сәтте телефонға қарап отырғанын мойындайды», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.  

Әкімшілік полиция департаменті көлік тізгінінде болған уақытта телефон пайдаланбауға кеңес берді, сонымен қатар Qamqor порталы арқылы айыппұлдарды тексеріп, дер кезінде төлеп тұруға шақырды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар