$ 494.87  520.65  4.91

Астанада қақаған аязда кондуктор 10 жастағы баланы жол ақысын төлемегені үшін автобустан түсіріп жіберген

Астанада қақаған аязда кондуктор 10 жастағы баланы жол ақысын төлемегені үшін автобустан түсіріп жіберген. Бұл туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі astanovka98 тобында жарияланды.

«Оқушы бала 24 желтоқсан күні сағат 13:00-де  Ақжайық ауданынан Министрліктер үйіне қарай №102 автобусқа мінген. Картасындағы ақша жол ақысына жетпеген соң кондуктор оны түсіріп жіберген. Дәл сол күні қатты аяз боп, тіпті оқушыларға сабақ болмайтыны жайлы хабарламалар тараған. Автобустан түскен соң бала анасының ұялы телефонына хабарласқан. Баласын өзі алып кеткен шешесі баласының картасында жеткілікті сома болғанын, бірақ белгісіз себептермен жоқ боп кеткенін айтады», – делінген жазбада. 

«Астана LRT» компаниясы болса, кондуктордың іздестіріліп жатқанын айтады. 

«Қай автобус екенін анықтап жатырмыз. Бірақ №102 маршрут кондукторсыз қызмет көрсетеді. Егер шынымен де кондуктордың баланы түсіріп жібергені дәлелденсе біз оны міндетті түрде жазалаймыз», – дейді компанияның баспасөз қызметі. 

Осы орайда «Астана LRT» компаниясы барлық автобусқа қараша айында қандай жағдай болмасын оқушыларды түсіріп жібермеуін қатаң тапсырыпты. 

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары