$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да 50 жастағы ер адам орманда екі күн адасып жүрген

Құтқарушылар орманда адасып кеткен 50 жастағы ер адамды құтқарды деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға туралы жергілікті омарташылар хабарлады. Адасып кеткен адамды өзен жағасынан тауып алған да - солар. Ол Риддер қаласына келе жатқанда екі күн бұрын жолынан жаңылған. Оның үстіне шаңғысы да сынып қалған. 

Ер адам жол іздеп орман ішін шалап жүре берген де, әбден қалжырап, бір шыршаның түбіне отыра кеткен. Сол отырған жерінен оны куәгерлер тауып алып, құтқарушыларға хабар берген. 

«Ол жерге дейін Риддерден 25 шақырым. Бұл арада жол болмағандықтан, оны қалаға жеткізу қиынға соқты. Ер адамды әкелу үшін қарда жүретін машинаның көмегіне жүгіндік», - дейді Шығыс өңірлік құтқару қызметінің бас құтқарушысы Валентин Титаренко. 

Ер адамның аяқ-қолы, беті үсіп қалған. Ол ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар аязды күнде, әсіресе түнде тауға, орманға бармауға кеңес береді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары