25.12.2018, 11:59

Астана қаласы ТЖД аязға байланысты жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне, жазатайым оқиғаларды болдырмауға байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорын (базарлар, СОО), құрылыс объектілеріне жұмыс күнін қысқартуды ұсынады», - делінген хабарламада.

Бұл ақпарат қаланың тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем көрсету қызметі, коммуналдық қызметтеріне қатысты емес.

«Қазгидромет» РММ мәліметі бойынша 25 желтоқсанда ауа температурасы -30 С, алайда -38 С болып сезіледі, жел екпіні 2 м/с.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Еске сала кетейік, колледждің екі студенті № 2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Жасөспірімдерді ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы үсік шалған кезде алғашқы көмек көрсетуді және қатты аязда өзін қалай сақтаудың жолдарын ұсынды.

 

Тегтер: Астана ТЖД аяз