«Қазгидромет» Қызылорда және Маңғыстау облысында дабылды ескерту жариялады деп жазады Sputniknews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 26 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
«26-28 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының құбылуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы мүмкін», — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа күшейеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 25-27 желтоқсан аралығында солтүстік орталық және шығыс облыстарда түнгі температура минус 32…37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейетінін мәлімдеген еді.