26.12.2018, 10:25

Доллар 378 теңгеге сатылып жатыр

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 378 теңгеге сатылып жатыр деп жазады Kurs.kz. 

Ұлттық валюта бағамы 375-378 теңге аралығында болды. Өз кезегінде KASE қор биржасының таңғы саудасында 374,06 теңгемен өтті. 

Сауданың жалпы көлемі 100,65 миллион долларға жетті. 

Астана уақытымен 15.50-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 50,96 доллар болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz