Президент жарлығы бойынша министр Жеңіс Қасымбек жаңа министрліктің басшысы болып тағайындалды. Қазақстанда енді индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігі пайда болды деп хабарлайды «Ақорда».
«Жеңіс Қасымбек инвестиция және даму министрлігі басшылығынан босатылып, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын», - деп жазылған Елбасы жарлығында.