Жаңалықтар 26.12.2018 сағат 17:20  183

Ресейде 16 жастағы спортшы қызды пышақтап өлтірді

Ресейдің Тольятти қаласында жастар арасындағы жүзуден РФ вице-чемпион, 16 жастағы Сафия Аскарованы бірнеше жерінен пышақтап кетті деп жазады Eurosport.

Ресейде 16 жастағы спортшы қызды пышақтап өлтірді

Күндіз дүкенге шыққан спортшы үйіне оралмаған. Ата-анасы оны құрбысына кетті деп ойлап, телефонына хабарласады. Алайда, өшіп тұрған. Сөйтіп қыздарының жоғалып кеткені туралы бірден полицияға хабар берген.

Марқұмның таққан әшекей бұйымдары жоғалып кеткен. Сондай-ақ, қылмыскер оның телефонын лақтырып жіберген. Мәйіттің жанынан табылған іздер арқылы полиция күдіктіні ұстай алды. Ол көрші мектепте оқитын 16 жастағы жігіт болып шыққан. 

Жеткіншек бірнеше жылдан бері Сафияға сөз салып жүрген екен. Алайда, бойжеткен оның ұсынысын қабылдамай қойған. Ашуланған ол Сафияның бірнеше жерінен пышақ сұғады.

Күдікті екі ай тергеу изоляторында болады.

 

Соңғы жаңалықтар