23.09.2015, 11:09

Абай Тасболатов енді столдан секірмейтінін және қоғамдық көлікпен жүретінін айтты

nurotan.kz

Бүгін жаңа қызметіне тағайындалған вице-спикер столдан секірмеуге және жиналыстан кешікпеуге уәде берді.

Сондай-ақ, Абай Тасболатов жаңа қызметін атқару барысында тек қана автобуспен жүретінін айтты. «42-ші, 31-ші, 30-шы және 10-шы бағыттағы автобустарда жүремін», – деді ол.

Ол спортпен айналысатынын, күн сайын таңертең жүгіретінін де жасырмады. Жақында болып өткен қайырымдылық марафонында ол 21 шақырымнан аса қашықтықты жүгіріп өткен.